Хаттама №1

Хаттама №1

05.01.2022ж.                                                                                  Осакаров кенті

Өткізілген орны: «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК

Қатысқандар: 12 (Қамқоршылық кеңестің мүшелері)

 

Күн тәртібі:

  1. Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.

 

Тындалды:

І мәселе бойынша  Қантарбаева А.А. – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы алғаш сөз алды.  2021-2022 оқу жылындағы жаңалықтар туралы айтылды. «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылап, бекітуді ұсынды. Қамқоршылық кеңесінің жалпы жоспарында жалпы бөбекжайдың тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсете отырып, аз қамтылған жанұяларға да көмек көрсету, түрлі акциялар ұйымдастыруға ат салысу бөлімдерінен тұратындығын айта кетті. Өткен оқу жылындағы қамқоршылық кеңесі жұмысын талқылай келе, осы оқу жылындағы міндеттерді де айтты. Осы оқу жылында қамқоршылық кеңесі жұмысын жандандырып,ресми  тіркеуден өту үшін бірігіп жұмыстануға шақырды.

 

Шешімі:

  1. Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары бекітілсін.
  2. Қайырымдылық көмек үшін банктен счет ашу.

 

 

Қамқоршылық кеңестің төрайымы:                                       Қантарбаева А.А.

 

Хатшы: