Осакаровка аудан әкімдігі «Нұрай» бөбекжайы КМҚК.
Қарастырылды Келісілді Бекітемін
Әдістемелік бірлестік «Нұрай» бөбекжайы КМҚК «Нұрай» бөбекжайы КМҚК
№1 отырыссында әдіскер директор
10 қыркүйек 2016 жыл. _______Задворная С.И. _______Нургалиева Г.Б.
«Жас патриот» жобасы
Осакаровка 2016 ж.
Идея авторы:
Тәрбиеші: «Нұрай»бөбекжайы»КМҚК
_______________ Алишахманова Гулшат Кайржановна
Әзірлегендер:
Тәрбиеші:______________ Алишахманова Гулшат Кайыржановна
Тәрбиеші: _______________ Биназарова Роза Ералиевна
Тәрбиеші _____________ Ковальчук Светлана Николаевна
Нұсқаушы: ____________ «Нұрай»бөбекжайы КМҚК әдіскері Задворная Светлана Ивановна, методист
«Нұрай»бөбекжайы әдістемелік бірлестігі кеңесінде ұсынған
Хаттама №1 от «10»қыркүйек 2016 ж.
Хатшы: _____________Аман Алуа Маратқызы
Өзектілігі
Қазіргі таңдағы көкейкесті тенденцияның бірі – білім берудің жеке тұлғаға бағытталуы, ізгілендіре оқыту, тәрбиелеу болып табылады. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің негізгі мақсаты тұлғаның оқу, кәсіби және жалпы өмірлік іс-әрекет субъектісі болуына көмек көрсету қажет.
Бүгінгі сапалы білім беру мен саналы тәрбие берудің мақсаты адамның
ептіліктері мен дарындылығына сүйене отырып,жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениетін қалыптастыру – өмір талабы. Өмірлік өзіндік таным – өте кең ұғым. Шыр етіп дүниеге келген сәби ананың ақ сүтінің дәмін татып, аялы алақандарының жылуын сезініп, нұрлы көздерінің мейіріміне бөленеді. Әрбір сөзінен тәлім алып, тәрбиесін бойына сіңіреді. Сол тәрбие оның болашақта қандай адам болатынына үлкен әсер етеді. Тәрбие тал бесіктен басталады. Бала отбасында алған тәрбиесін өмірдің жолында қолданады. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, бауырмал болу, халқының салт-дәстүрін құрмет тұту, туған жер, туған елін сүйіп, көзінің қарашығындай қорғау ұғымдары балаға отбасында беріледі.
Біздің - өсіріп отырған болашақ, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, ұрпақты қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог болуы керек деп білеміз. Осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады.
Жобаның маңыздылығы балаларды сәбилер тобынан бастап туыстық, достық,жолдастық қарымқатынастарға,табиғатты,қоршаған ортаны сақтау,адамгершілікке,әдептілікке, әдемілікке тәрбиеледе,олардың ой–өрісін ,санасын мінез құлқын қалыптастыруға тиімді әсер етеді. Осы жоба балалардың салт-дәстүрді теренірек үйренуіне ,өз еліне халқына деген сүйіспеншілік сезімдерінің оянуына ,қазақ халқының ертегі аңыздарына деген қызығушылығын арттырып ,сахналық қойылымдарға қатысуына жол ашады.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіш. Жалпы адамзаттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші - ұстаз халык педагогикасын, сан ғасырларда қалыптаскан салт-дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды жан - жақты терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға, өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге халық алдында борышты. Әрбір бала тәрбиеші - педагогтың оны жан - жақты тануға бағытталған зерттеу объектісіне айналуы кажет. Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылыктарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.
«Жас патриот»
жобасының төлқұжаты
|
1. |
Жоба атауы |
Жас патриот. |
|
2. |
Аннотация |
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие – балалардың адамгершілік сана - сезімін, мінез - құлқын қалыптас тыруды қамтиды. |
|
3. |
Мақсаты мен міндеттері |
Мақсаты: - тәрбие-білім беру кеңістігін бірінғай моделін құру - жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі адамгершілік, еңбексүйгіштік, ізеттілік, шыншылдық, жауапкершілік, әдептілік тағы басқа адами қасиеттерді дамыту; - Қазақ халқының салт –дәстүрімен, мәдениетімен ,ұлттық ойындарымен, таныстыра отырып балаларды адамгершілікке инабатылыққа ,адалдыққа ,ізетілікке,мейрімділікке баулу.Олардың ой-өрісін, жан-жақты логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. -жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құзіреттілігі - баланың жеке тұлғалық қасиеттерді бойына жинақтаудағы дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру; -бала бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дамыту. Міндеттері: -алтын қазынамыздын бірі -ұлттық бірі –ұлттық ойындарымызды насихаттау. -Өз елінің мәдениеті,салт-дәстүрлері туралы балаларға тиімді білім беру, рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру, пайдалану; - балалардың жас ерекшеліктеріне сай педагогикалық - психологиялық көмектер көрсету; - балалардың бойына бөбекжайдан бастап этнопедагогикалық тәрбие негіздерін сіңіру. |
|
4. |
Қатысушылар |
Ересектер тобының балалары «Нұрай» бөбекжайы педагогикалық ұжымы: Ерлепесова А.С., Задворная С.И., Хуанган А., Аман А.М., Ковальчук С.Н., Биназарова Р..Б. және ата - аналар. |
|
5. |
Жобаның іске асыру мерзімі:
|
2016 жыл қыркүйек – 2019 жыл мамыр |
|
6. |
Жобаның іске асыру кезеңдері |
2016 - 2017 ж.ж. – дайындық кезеңі 2017 - 2018 ж.ж. - қалыптастыру кезеңі /практикалық/ 2018 - 2019 ж.ж. – жалпылау кезеңі /қорытынды/ |
|
7. |
Күтілетін нәтиже |
-Бөбекжай ішінде жүргізілетін этнопедагогикалық тәрбие берудің маңызын ұғындыру -Балаларды елін ,жерін ұлтын сүйетін азамат болуына қол жеткізу. -Бөбекжай кезенінен болашақ тұлғанын, келешек азаматының ірге тасын қалау. |
|
8. |
Жобаға жауапты |
Алишахманова Гүлшат Қайыржанқызы – тәрбиеші. |
Жобаны іске асыру кезеңдері
|
Мерзімі |
Кезең |
|
|
2016 – 2017 ж. ж. |
Дайындық кезеңі |
Жобаның жүзеге асырылуын талдау. Жобаның қажеттілігін бағалау. - жобаны іске асыру бойынша шығармашылық топ құру; - жобаны іске асыру бағдарламасын құру; - әр тақырып бойынша құжаттар әзірлеу. |
|
2017 – 2018 ж. ж. |
Практикалық кезең |
Жобаны іске асыру. Рухани –адамгершілік тәрбие мазмұнына сүйене отырып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті материалдар жиналады. Мына бағыттар бойынша тәрбиелік шаралар өткізу: - бөбекжай мен ата-аналар арасында түрлі тақырыптарды іс-шаралар өткізу; - бөбекжай тәрбиешілері мен ұстаздары арасында қызықты тақырыптарды семинарлар жүргізу; - ата-аналарға арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастыру; - мектепке дейінгі балалардың өз жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында аудандық мәдениет орындарына (музей, кітапханаға серуен) ұйымдастыру. |
|
2018 – 2019 ж. ж. |
Қорытынды кезең |
Жобаны іске асыру нәтижелерінің сапалық сараптамасы: - бөбекжайда семинар өткізу; -атқаралған жұмыстарды қорытындылап жинақтар шығару; - диагностика, сараптама жасап нәтижесін қорытындылау; -материалдарды арнайы ақпарат құралдарында жариялау.
|
«Жас патриот» жобасын іске асыру мақсатында өткізілетін іс – шаралар жоспары
|
№ |
Іс-шараның мазмұны |
Мерзімі |
|
1.
|
Жоба әзірлемесін дайындау, жобаны жүзеге асырудың уақыты мен мерзімін бекіту |
2016 - 2017 оқу жылы |
|
қыркүйек |
||
|
2. |
Жобаны іске асыратын шығармашылық топ құру |
қазан |
|
3. |
Жобаның қажеттілігін бағалау, талдау. |
қараша |
|
4. |
Жобаларды іске асыру үшін тәрбиелік шаралар тақырыптарын әзірлеу, жүзеге асыру уақыты мен мерзімін бекіту |
желтоқсан |
|
5. |
Жоба бойынша тәрбиелік шараларға арналған құжаттар пакетін әзірлеу |
жыл бойы |
|
6.
|
Ата-аналарды қатыстыра отырып, дөңгелек үстел ұйымдастыру «Ұлттық тәрбие – рухани адамгершілік негізі» |
2017-2018 оқу жылы |
|
қазан |
||
|
7. |
«Ізгілік – адамның басты құндылығы» тақырыбында сұхбат |
қараша |
|
8. |
Бөбекжайда жобаға қатысушылар үшін «Тәлім - тәрбие баспалдағы - бөбекжайда» тақырыбында материалдар дайындау. |
жыл бойы |
|
9. |
Мектепке дейінгі баланың рухани дамуындағы ерекшелігі үшін /психологиялық семинар/ |
желтоқсан |
|
10. |
«Ханталапай» ұлттық ойындармен жарыс өткізу. |
қаңтар |
|
11. |
«Ата-анаң – алтын тұғырың» |
ақпан |
|
12. |
«Жаным толған жақсылық» кітап көрмесі |
наурыз |
|
13.
|
«Риясыз көңілмен, шабыттан шабыт аламын» ата - аналармен бірігіп эссе жазу |
2018 - 2019 оқу жылы |
|
қазан |
||
|
14. |
«Халық дәстүрі – асыл қазына» |
Қараша |
|
15. |
Бөбекжай ішінде ғылыми жобаға қатысу |
желтоқсан |
|
16. |
Шығармашылық материалдар қорын қалыптастыру |
жыл бойы |
|
17. |
«Жақсылыққа – жан риза» (жадынама әзірлеу) |
наурыз |
|
18. |
Жылдық жоба нәтижесіне талдау |
мамыр |
|
19. |
БАҚ жарияланымдарын ұйымдастыру |
жыл бойы |
КМҚК «Нұрай» бөбекжайының «Жас патриот» жобасының
2016-2017 оқу жылына арналған іс –шаралар жоспары
|
№ |
Іс –шаралар |
Өткізу мерзімі |
Жауаптылар |
Қатысушылар |
Күтілетін нәтиже |
|
|
Атауы |
Түрі |
|||||
|
1 |
«Тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты міндетіміз» |
Дөңгелек үстел |
Қыркүйек |
Шығармашылық топ, ересек тобының тәрбиешісі:Биназарова Р.Е |
Ересек топтың ата-аналары |
Бала тәрбиесіне қажетті кеңестер алады |
|
2. |
Тақырыбы: «Бала тәрбиесі сізді ойландырама?» |
Бөбекжай ата-аналары үшін сауалнама жүргізу |
Қыркүйек |
Шығармашылық топ, тәрбиеші:Алишахманова Г.К., психолог Оспанова Б.Д
|
Ересек топтың ата-аналары |
Келешекте атқарылатын жұмыстар жоспарланады |
|
3. |
«Тәрбиенің бағыттары» |
Жадынама әзірлеу |
Қазан |
Топ тәрбиешілері |
Бөбекжай тәрбиешілері |
Ата-аналар бұрышына арналған ақпарат |
|
4. |
«Тұлға аралық қарым - қатынас» |
Психология лық тренинг |
Қараша |
Психолог Оспанова Б.Д |
Бөбекжайдың жас ата - аналары үшін |
Бала тәрбиесіне қатысты психологиялық кеңес береді |
|
5. |
«Тәуелсіздік тұғырым» |
Ойын-сауық іс-шарасы |
Желтоқсан |
Шығармашылық топ қазақ тілі мұғалімі Ахметова М.Б |
Ересек топтар үшін |
Өз еліне деген сүйіспен-шілігі артып, патриоттық сезімдері оянады |
|
6. |
«Туған өлкем» |
Шығармашылық жұмыс |
Желтоқсан |
Бейнелеу өнері мұғалімі Хамзина А.Ж |
Бөбекжай ата - аналары мен балалар |
Ата-аналар мен балалардың сурет жұмыстары бағаланады. |
|
7. |
«Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады?» |
Ата-аналар бұрышына арналған ақпарат |
Қаңтар |
Ерсек топ тәрбиешілері Ковальчук С.Н Аман А.М |
Ересек топтар үшін |
Өздерін ойландырған сұрақтарына жауаптар алады» |
|
8. |
«Қысқы серуен» |
Спорттық шара |
Қаңтар |
Шығармашылық топ |
Ересек топтар мен ата-аналар |
Спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады, ата-аналар қатысады |
|
9. |
«Жаным толы жақсылық» |
Өзін - өзі тану пәнінен апталық |
Ақпан |
Бөбекжай педагогтары ның ұжымы |
Бөбекжай ұжымы ата-аналар,балалар |
Жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылады |
|
10. |
«Ертегілер арқылы – әлемді танимын» |
Кітапханаға серуен |
Ақпан |
Логопед мұғалім Бауман Н.А |
Ересек топтар |
Ертегіге деген сүйіспеншіліктері артып қызығушылықтары дамиды |
|
11. |
«Қош келдің, әз – Наурыз!» |
Наурыз мерекесіне арналған іс-шара |
Наурыз |
Бөбекжай ұжымы,ата-аналар |
Барлық топтар |
Наурыз мерекесіне, салт-дәстүрді құрметтеуге деген махаббаты оянады |
|
12. |
«Әкем, шешем және мен» |
Отбасылық сайыс |
Сәуір |
Бөбекжайдың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, топтар тәрбиешілері |
Ортаңғы топтар |
Жеңіске деген ынталары артып, салауатты өмір салтына деген ынталары қалыптасады |
|
13. |
«Табиғат және мен» |
Фото альбом жасау |
Сәуір |
Топ тәрбиешілері,ата-аналар |
Ересек топтар |
Өздерін табиғатпен егіз екененін түсіне отырып, сезінеді,оны сүйеді |
|
14. |
«Бөбекжайым өз үйім» |
Бөбекжай ауласын көріктендіру |
Мамыр |
Топ тәрбиешілері, педагогтар және ата-аналар |
Барлық топтар |
Ойын алаңдарын көріктендіруге, пайдалы істер - мен шұғылдануға дағдыланады |
|
15. |
«Мен бір жасқа есейдім»
|
Бөбекжаймен қоштасу кеші |
Мамыр
|
Топ тәрбиешілері. педагогтар және ата-аналар |
Бөбекжайдың ересек топтары |
Бөбекжай табылдырығында алған білімдері қорытындыланып, нәтижелері сарапталады. |











