Тақырыбы: «Ғажайып саусақтар»
(арт терапия)
Күні: 17.02.2021 ж
Педагог-психолог: Хамталиф А.О.
Мақсаты: Балалардың шығармашылығын дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру. Балаларға АРТ - терапия туралы түсінік беру; Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Шығармашылық терапиясының жаттығуларын орындау, әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А4 қағаз, түрлі түсті бояу,мақта,фетр,түрлі-түсті қарындаш
Әдіс - тәсілі:арт терапия,шығармашылық терапия, дамыту ойындары.
Көптілділік компоненті: мақта-вата,саусақ-пальчик.
Шаттық шеңбер: Балалар, әр топтың үстелінде үш түрлі түсті гүлдер тұр. Гүл айналаны құлпыртып, өз мейірімін төгеді. Сондықтан оған сан түрлі көбелектер ұшып келіп қонады.Көбелек қонған кезде гүл қуанып, оған одан әрі мейірімін төге түседі. Ал, біз мына көбелектерге жылы сөздер айтып, гүлге қондырайық. Біз де сол гүлге деген өз мейірімімізді білдірейік. Мысалы: мейрімді, қамқорлық,
Релаксация:Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Психолог: Жақсы балалар жүректеріңе жылулық келді ма? Бәрекелді! Ендеше, сендерді ғажайыптар әлеміне саяхатқа шақырамын.
Бүгінгі тақырып: «Ғажайып саусақтар» (арт терапиясы).
Арт терапия-психологияда жиі қолданылатын әдістердің бірі. Ол жаман ойлардан арылуға көмектеседі. Арт терапия-сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді.
Қазір мен сіздерді үш топқа бөлем.
1-ші топ: «Суретшілер» тобы;
2-ші топ: «Тапқырлар» тобы;
3-ші топ: «Шеберлер» тобы.
Қазір мен сіздерге 1 топқа тапсырманы түсіндіріп өтсем.
1-ші тапсырма: Барысы: Әрбір қатысушыда парақ, түрлі-түсті гуашь болуы керек. Бәрі шеңбер құра отырады, балаларға өз алақанына өзіне ұнаған бояуды жағып алып, сонан соң ақ қағазға түсіреді. Кейін сол түскен саусақтардың ізінен өз қиялымен сурет жасап шығару керек. Тағыда жетіспеген элементтер қосуға болады.
2 топқа,2-ші тапсырма:
Барысы: Балалар қазір сіздерге әр түрлі бейнелі суреттер таратылады. Сол бейнедегі бос торлары саусақтың ұшымен бояу арқылы толықтыруларың керек. Сіздерге керек құрал-жабдықтар: түрлі түсті гуашьтар.
3-ші топқа; 3-ші тапсырма:
Барысы: Сіздерге картонда әр түрлі бейнеленген жан-жануарлар,құстар, үй жануарлары беріледі. Соны мақтамен безендіру керек. Яғни мақтаны аламыз, домалақтап желіммен жапсырамыз.
Құрал-жабдықтар: Мақта, клей, фетр.
Сергіту сәті
Рефлексия
Ойын: «Сақиналы саусақтар». Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту, белсенділікке үйрету.
Ойын барысы: Балалар, мінкей, өздерің көргендей, саусақтан көптеген өнер туындыларын көруге болады. Өнерлі саусақтан өнерпаз тұлға шығады. Енді балалар, осы ғажайып саусақтарымызбен тағы бір өнер көрсетейік.
Бес саусағымызға үлгіге қарап отырып, түстерін сәйкестіріп, саусақтарға кигіземіз. Осылайша бізде сақиналы саусақтар пайда болады. Бәрекелді!
-Сонымен, жарайсыңдар балалар, бүгін сабаққа өте белсене қатыстыңдар, өнерлерің өрге жүзсін! Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Өз көңіл-күйлеріңді смайлик арқылы білдіріңдер. Ендеше, осы еңбектеріңді мен өте ерекше бағалаймын.Балалар қараңдаршы мына ғажайып сандықты сендерге алып келдім. Бұл сандықта не бар деп ойлайсыңдар!! Әрине сыйлық. Сендерге арнап алып келдім.
Мына қаламсаптарды сендерге тарту етейін. Алдағы жетістіктерің осы қаламнан басталсын!
Ал әріптестер келіп, тамашалағандарыңызға рахмет! Осымен сабағым аяқталды.
{gallery}-1/11{/gallery}











