Мақта қыз бен мысық

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: Балаларды көркем шығармамен таныстыру, ынта қойып тыңдауға дағдыландыру. Оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып, әңгімелеп айтып беруге үйрету. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойын  дұрыс жеткізу арқылы сөздік қорын дамыту. Балаларды еңбекке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ы. Алтынсарин портреті, ертегі желісі бойынша слайд, тақтадағы суреттер.

Қолданылатын әдіс тәсілдер: ТРИЗ технологиясы, «Кубизм» әдісі, дидактикалық ойын.

Билингвальды компонент: мысық - кошка - саt ,сиыр- корова- cow, ағаш- дерево- tree , тауық -курица -chicken, тышқан -мышь –mouse.

 Шаттық шеңбер

Армысың,  ару күн!

Армысың, ашық аспан!

Армысың, мейірімді жер ана!

Қайырлы таң, баршаға!

Қонақтармен үш тілде амандасу.

 Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Бір жылда төрт мезгіл бар. Күз, қыс, көктем, жаз.

Қазір жалдың қай  мезгілі? Қыс мезгілі

Қыс мезгілі неше айға бөлінеді? Үш айға бөлінеді. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Қазір қандай ай? Қаңтар

Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Күн суық, жел, боран, аяз болады.

«Жақсы жаман» ойын мақсаты: дұрыс ойлау және дұрыс ойды қорытындылап сөйлеу.  Жауған қар. Жақсы мен жаман жағын салыстыру.

Балалар мына сиқырлы кітап арқылы білетін ертегілерімізді есімізге түсірейік. «Миға шабуыл жасау» сұрақ қою, слайд арқылы ертегіні еске түсіру.

Лақтарды не жап қойды? «Жеті лақ» ертегі

Не атадан да, әжеден де қашты? «Бауырсақ» ертегі

Кім үш аюға қонаққа келді? «Үш аю» ертегі

Әжесіне сүт пен бәліш апара жатып, қасқырға кездеседі? «Қызыл телпек»

Барлыға көкеністі тартып алады? «Шалқан» ертегі

Бүгін біз Ыбырай Алтынсарин аталарың жазған «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып берейін. Слайд арқылы ертегі желісін көрсету.

Балалар мен сендерге қандай ертегі оқып бердім? «Мақта қыз бен мысық»

Бұл ертегіні кім жазды? Ы.Алтынсарин

 Д/ойын: «Мен жасырамын, сен тауып көр»

Шарты: Тақтаға «Мақта  қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлері ілулі тұрады.  Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші бір кейіпкерді жасырып, қандай кейіпкерді жасырғанын  сұрайды.  Балалар табады, ойын жалғаса береді.    

Сергіту сәті: «Хоки поки»

Д/ойын:  «Карусель» сұрақ қою арқылы баланың тілін дамыту.

 «Кубизм»әдісі арқылы ұйымдастырылған  оқу қызметін қорытындылау.

 Мақта қыз қандай кейіпкер?

Мысықты сипатта.

Сиыр қандай жануар?

Ағаштың пайдасы қандай?

Қыздар не тасып жүр?

Дүкенші не сатады?

Тауық не береді?

 

 

 

Мақта қыз бен мысық

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:

— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

— Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз:

— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.

 

Мақта қыз:

— Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.

— Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

 

Сиыр:

— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш:

— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

 

Қыздар оған:

— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.

— Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

 

Дүкенші:

— Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.

— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

 

Тауықтар:

— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

 

Тышқан қорыққанынан:

— Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.

Мысық:

— Маған бір уыс тары бер, – дейді.

 

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

 

{gallery}-1/10{/gallery}