09.12.2020-15.12.2020 аралығында «Нұрай» бөбекжайында» «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты апталық өтті. Бұл апталықта әр топ өз жас ерекшеліктеріне сай тәуелсіздікті насихаттауға арналған іс-шаралар өткізді. «Менің Қазақстаным» атты көрме ұйымдастырылып, ата-аналар балаларымен бірге Қазақстанның көрікті жерлерінің, ғимараттардың сұлбасын жасады. Кіші топтарда «Менің елім мақтанышым» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылса, «Мен Тәуелсіздігімді мақтан етемін» тақырыбында ересек топтар мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Мектеп алды даярлық топтарында «Тәуелсіздік туы
желбіресін» атты ойын-сауық өтті. Балалар ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындап, Қазақстанның рәміздері жайлы сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін ортаға салып ән айтып, би биледі. Үлкен қызығушылықпен қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.
{gallery}000i/5{/gallery}

















