2021 жылғы 21- қантар күні Қарағанды облысының оқу – әдістемелік орталығының басшылығымен «Оқу сауаттылығы» апталығының 4 күндігі «Поэзияда біздің ақыл ойымыз туады» тақырыбында, А.Кұнанбаев пен А.С Пушкинның шығармашылығына арналған, «Нұрай»бөбекжайы» КМҚК – да өткізілді.Ересек және мектепке дайындық топтарында «Жеті гүл» ертегінің желісі бойынша ҰОҚ мүсіндеу өтті.Балалардың қолымен дайындаған гүлдер өте ерекше және әдемі болып шықты.Өте қызықты ,оқыған ертегілер бойынша, сурет көрмесі өтті. Барлық топтарда балаларға А.С Пушкиның ертегілері оқылып, киогамининг нысанындағы бетбелгі дайындалды. Ересек және дайындық топтарының балалары Абай атамыздың шығармаларын тыңдап, қыс мезгіліне арнап, жапсыру жасады. «Сиқырлы құлып» квест ойыны балаларға қатты әсер етті .Жоғары қызығушылық пен балалар А.Құнанбаев , А.С Пушкинның ертегілері бойынша маска жасады. Қазылар алқасына жүлдегерді табуға қиын болды.Ата- аналарға «Ертегі терапиясы» деген кеңес берілді.
{gallery}1/2{/gallery}

















