Қарағанды облысының оқу– әдістемелік орталығының басшылығымен ұйымдастырылған мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім беру сапасын арттыру үшін жағдай жасау мақсатында «Қызықты математика» атты математикалық сауаттылық апталығының ашылуы 25.01.21. «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК салтанатты түрде өтті. Математика Патшайымы қонаққа келіп балалармен ойын ойнап, тапсырмалар орындап, жұмбақтар шешті және балаларға «Математика» елінде өздерін қалай ұстау керектігі жайлы кеңес берді. Бүгін балалар «Ғажайып қалта», «Қатені түзет», «Кім біледі, әрі қарай санасын» ойындарын ойнап, өзара санау және сандар жайлы білімдерімен сынасты. «Сүйікті фигураның портретін» бояу ҰОҚ ересек топ балаларына ерекше әсер қалдырды. Фойеде «Сандарды бояу» көрмесі ұйымдастырылды. В.Сутеевтің «10-ға дейін есептей алатын лақ туралы» ертегісін сүйіп тыңдап, «Қасқыр және жеті лақ» ертегісін сахналауда өз өнерлерін ортаға салды. «Жұбын тап», «Үркер-үркер», «Сапқа тұр» қимылды ойындарын ойнау балаларға жағымды әсер қалдырды. «Дүкен» сюжетті-рөлдік ойын ойнау арқылы балалар сандар мен цифлар туралы білімдерін бекітіп, ойынға белсене қатысты.
{gallery}-1/9/2{/gallery}

















