26.01.21 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК математикалық сауаттылық апталығының екінші күні болып өтті.
Балалар тәрбиешілердің не дайындағанын қызыға күтіп, әр ҰОҚ таңғажайып сәттермен өтті. Барлық топтарда «Көңілді санау» әңгімесі өтіп, балалар сандарды білу қабілеттерін көрсетті. «Малышок», «Бәйтерек», «Күншуақ», «Балбөбек», «Буратино» және «Жұлдыз» топтарында «Жоғары-төмен», «Таңертең-кеш», «Санау және салыстыру», «Математика әлемінде» тақырыбында ҰОҚ қызықты болды. Балаларға көрнекі материалдар түрлі-түсті иллюстрациялар көрсетілді. Барлық топтардың балаларына «Ғажайып құрылыс» танымдық мультфильмдерін тамашалады. Таза ауада серуендеу кезінде «Пішін, өлшем, биіктігі» байқауы жүргізілді. Математикалық мазмұндағы ойындар барлық топтарда ойнатылды.
«Таңшолпан», «Гүлдер» топтары балалармен «Әжемізде қонақта» тақырыбында сюжетті-рөлдік ойын ойнады. «Тауып көрші» жұмысында балаларда үлкен қызығушылық туғызды, балалар жұмбақтар, сандар мен пішіндерді тапты. «Аққу», «Жұлдыз» топтары Сытова Н.Б.-ның «Қала геометриялық фигуралармен қалай салынған» ертегісін оқыды. Сондай-ақ, балаларға «кітаптар-сандары бар сәбилер» кітапшасын ата-аналарымыз да қалыс қалмады. Балалар кітаптарға үлкен қызығушылықпен қарап, сандарды жаттап алды. Бөбекжай өміріне белсене қатысқан ата-аналарға алғыс айтамыз.
{gallery}000i/7{/gallery}

















