27.01.21 жылы «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК «Қызықты математика» атты математикалық сауаттылық апталығының 3 күні өтті. Балабақшадағы барлық топтар қазақтың ұлттық және қозғалмалы "Асық" ойындарын қызығушылықпен ойнады, онда дәлдікте жарыса отырып, балалар сандар туралы білімдерін кеңейтті, олар жанашыр болуды үйренді, ойын ережелерін нақты орындауға тырысты. «Қандай фигураға ұқсайды?» дамытушылық ойыны балаларға қызықты әрі тартымды болды. «10-ға дейін санауды үйренейік» дамытушылық мультфильмдерін көріп, «Сандар» өлеңдерін жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытты. «Пойызбен саяхаттау» сюжетті-рөлдік ойыны өте көңілді өтті. Балалар сандар туралы білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қоғамдық көлікте тәртіп сақтауды үйренді. «Геометриялық пішіндер қаласы» атты ұжымдық жапсыру нәтижелі әрі қызықты өтті. Ата-аналармен бірге жасалған дидактикалық ойындар көрмесі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуда ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты тығыз екенін көрсетті.
{gallery}000i/9{/gallery}

















