«Мен балабақшада дене шынықтырумен доспын»
19.02.2021 ж "Нұрай "бөбекжайы" КМҚК «Мен балабақшада дене шынықтырумен доспын» тақырыбында дене шынықтыру - сауықтыру апталығының жабылуы өтті. Айсұлумен бірге балалар көңілді және қызықты жаттығулар жасады. Балалардың мәдени-гигиеналық дағдылары туралы білімдерін кеңейту, өз денсаулығына ұқыпты қарау мақсатында орта және ересек топ тәрбиешілері балалармен "Тазалық – денсаулық кепілі" атты әңгіме өткізді. "Спорт түрлері", "Денсаулық еліне саяхат" интерактивті ойындарына қатысу балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады. Балалардың ата-аналары жасаған коллаждардан тәрбиеленушілердің отбасыларында спортқа қаншалықты мән берілетінін көруге болады, өйткені спорт тек балабақшада ғана емес, үйде де болуы керек. Күннің басты сәті «Спортакиада» және «Биле, биле» флешмобы болды, онда балалар белсенді қатысып, күні бойына эмоционалды заряд алды. Осындай көңілді және қызықты спорттық мерекелер арқылы біздің педагогтер балалардың спортқа деген сүйіспеншіліктерін оятады.
 
 
{gallery}-----------------/1{/gallery}