«Қазақ тілін меңгереміз» тақырыбы бойынша қазақ тілі апталығының ашылу іс–шарасы өткізілді

22.02.21 «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК балаларға туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету, мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында «Қазақ тілін меңгереміз» тақырыбы бойынша қазақ тілі апталығының ашылу іс–шарасы өткізілді. Мектепалды даярлық топтары арасында «Тілім –тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты, салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Бұл аталған іс-шарада балалар өз араларында жоғарғы қызығушылықпен қазақ ақындарының тақпақтарын айтып жарысты. Барыс пен Қоян балаларға қонаққа келіп, жұмбақтар жасырып, ойын ойнады. Ұжым тәрбиешілері мен мамандар арасында бірлескен «Қара жорға» биі өткізілді. Бүгінгі күн өте қызықты өтіп, баларға зор әсер қалдырды.
#қазақтілінсүйеміз
#AlmagulBugubaeva

{gallery}/2{/gallery}