23 ақпан күні «Нұрай» бөбекжайы" КМҚК қазақ тілі апталығының екінші күні өтті
Жоспар бойынша «Ертегілер еліне саяхат», оның ішінде мектепалды даярлық тобы «Мақта қыз бен мысық» ертегісі қойылымын көрсетті. Бұл ертегі барлық топтың балаларының көңілінен шығып, қуаныш сыйлады. Сонымен қатар «Ұлы дала мұрагері» атты жас бүлдіршіндерге кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ тілі маманы Таинчабасова Айнур Советовна балаларға осы тақырыпқа сәйкес ақын, жазушылардың шағын әңгіме, өлеңдерін оқып берді. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлады.
{gallery}-1/1/-1{/gallery}