24 .02.2021 «Нұрай» бөбекжайы КМҚК «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты қазақ тілі апталығының үшінші күні өтті.

24 .02.2021 «Нұрай» бөбекжайы КМҚК «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты қазақ тілі апталығының үшінші күні өтті. Жоспарға сәйкес «Тіл білгірі сайысы» болды. Сайысқа мектепалды даярлық топтары қатысты. Топтар арасында көптеген сайыс, ойын түрлері өткізілді, жемістердің аттарын атап, түстерін ажырату арқылы балалардың тілін дамыттық. Сонымен қатар, ортаңғы топ балалар арасында, санамақ жарысы болды. Балалар жаңылтпаштар және мақал-мәтелдер айтып өзара сайысқа түсті. Тіл халықпен бірге туып, бірге жасайды сондықтан да, ана тіліміз халқымыз үшін ардақты. «Тіл ақылдың өлшемі» дегендей, балабақша бүлдіршіндері өз ана тілімізді қаншалықты құрметтейтіндерін көрсетті.

{gallery}-----------------/5{/gallery}