01.03.2021 жылы «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК « Алғыс айту» күніне орай , бөбекжайда мектепке дейінгі топ және ересек топтар арасында мерекелік іс-шара өткізілді. Музыка жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ризамын» әнімен бастады. Балалар шеңберге тұрып, жүрекше пішінді шарды бір-біріне ұсына отырып, жылы сөздер мен лебіздерін білдірді.
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Топқа қайырымдылық құсы қонаққа келіп, балаларға қамқорлық білдіріп жүргендері үшін өз ризашылығын білдірді. Балалар әдемі, әсем қимылдармен «Мейірім» биін орындады. Балалар өздерінің тәрбиешілеріне ризашылықтарын әсем әнмен, көңілді бимен, жылы лебіздерімен жеткізді. Алғыс айту күні бөбекжай ұжымына және балаларға үлкен мерекелік көңіл-күй сыйлады.


















