11.03.21. "Нұрай" бөбекжайында" КМҚК «Оқиға іздеушілер» ұранымен жаратылыстану - танымдық сауаттылықтың үшінші күні өтті. Бұл күн "Қысқы ормандағы кездесулер", "Сиқырлы заттарды іздеу", "Әуе шарымен Дымбілместің саяхаты" ертегілерінің кейіпкерлерімен қызықты саяхаттан басталды. Оқиға іздеушілер күні серуенде жалғасын тапты, онда балалар қардағы іздерді анықтады, "Берендея соқпағымен" жүріп өтті, ал ересектер және мектепалды даярлық топтарда іздеу қызметінің элементтері бар дене шынықтыру-театрландырылған ойын-сауығы өтті. Күннің екінші жартысында "Менің жануарлар туралы алғашқы кітаптарым", "Бәрін білгім келеді" энциклопедияларының көрмесі өтті, сондай-ақ кітап бұрышында жұмыс жүргізілді. Күн өте мазмұнды болды және балаларға көптеген жағымды эмоциялар берді.
{gallery}-1/12{/gallery}

















