12.03.21 ж. "Нұрай "бөбекжайы" КМҚК "Білгішбекте қонақта" жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығының төртінші күні өтті.

12.03.21 ж. "Нұрай "бөбекжайы" КМҚК "Білгішбекте қонақта" жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығының төртінші күні өтті. Кіші топтарда "Аңдар неліктен терісін өзгертеді?" ойын сабағы өтті. Балалар ойын арқылы аңдарды танып, жабайы жануарлар туралы білімдерін толықтырды. Орта, ересек және мектепалды даярлық топтарда бейнелеу өнері бойынша экологиялық "Сиқырлы мұздар", "Табиғат әлемінде", "Ақылды заттар әлемінде" викториналары өтті. "Шыршаға қонаққа бару", "Қысқы жұмбақтар", "Табиғат құпиялары", "Әлемдегі барлық нәрсе туралы" әңгімелесу кезінде балалар серуенде көп жаңалық білді. Балалар үйде ата-аналармен өте қызықты және танымды уақыт өткізді: кіші және орта топтарда аналар балалардың сұрақтарына жауап берді, ал үлкен және мектепалды топтарда аналар балалармен "Геометриялық денелердің оқиғалары", "Математикалық баспалдақтар" атты бірлескен бос уақытты өткізді, онда ата-аналар балалармен бірге түрлі математикалық жұмбақтарды шешті.