«Нұрай» бөбекжайы» КМҚК 15-ші наурыз күні «Көрісу күніне» орай іс-шара өткізілді. Бұған тәрбиешілер мен мамандар қойылым көрсетіп, балаларға бұл мейрамның мағынасы түсіндірілді. «Көрісу күнінде» халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. «Көрісу күні – Амал күні» деп те аталады. Бұл күн - жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, ауызбіршілікке тәрбиелейтін мереке. Мектеп алды даярлық және ересек топтары шағын қойылымды тамашалады.
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден-бір салт болып отыр.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жыл - 22 наурызды тойлайды.
#Нұрай #Наурызкұттыболсын
{gallery}/janalyq/1{/gallery}

















