16.03.2021 "Нұрай "бөбекжайы" КМҚК Наурыз мейрамын тойлау аясында «Игі істер» күні өтті.

16.03.2021 "Нұрай "бөбекжайы" КМҚК Наурыз мейрамын тойлау аясында «Игі істер» күні өтті. Бөбекжай топтарындағы балалар пияз, гүл, бұршақ отырғызумен айналысты. Балаларға өсімдіктерге күтім жасау дағдылары үйретілді, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиеленді. Балалар өсімдіктердің өсу процесін өз көздерімен бақылайды. Сондай – ақ, бұл күні балабақша еріктілері Зейнеткер Шарапова Надежда Сергеевнаға ауласын қардан тазартуға көмек көрсетті. Надежда Сергеевна еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Еріктілер зейнеткерге денсаулық пен амандық тілеп, оған көмек көрсетуге уәде берді.

{gallery}/-----------------/8{/gallery}