Наурыз мейрамы қарсаңында «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай қазақтың ұлттық ойындары өткізілді.
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтырудың бір түрі. Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана-сезіміне құйып, көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдылыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге тәрбиелейді. Мектеп алды даярлық топтары бүгінгі ұлттық ойындар сайысына қатысты. «Кім мықты», «Арқан тартыс», «Теңге алу», «Орамал тастамақ», «Асық ату», «Күміс алу», «Тақия тастамақ», «Орныңды тап» ұлттық ойындары ойнатылды. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау барысында балалар белсене қатысты. «Күншуақ» тобы «Тақия тастамақ» ұлттық ойынын ойнау арқылы, мақал – мәтелдер айтып жарысты. {gallery}/87{/gallery}