«Нұрай» бөбекжайында» Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында тәрбиешілер арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Қазақшаң қалай...» атты интеллектуалдық ойыны өтті

«Нұрай» бөбекжайында» Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында тәрбиешілер арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Қазақшаң қалай...» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Бұл интеллектуалдық ойында өзге ұлт өкілдері өздерінің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Интеллектуалдық ойын 7 кезеңнен тұрды: таныстыру, сұрақ-жауап, «Өнер алды - қызыл тіл» мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық тағам түрлері, Қазақстанның қалалары, ұлттық ойындар, ән-би сайысы. Әр кезеңге қатысушылар мұқият дайындалғаны байқалады. Әділ қазылар алқасы 5 балдық жүйемен бағалап, жеңімпазды анықтады. Интеллектуалдық ойын жоғары деңгейде өтіп, «Қара жорға» биінен флешмобпен аяқталды.

#Нұрай #Наурызшуағы

{gallery}-/novosti{/gallery}