19.03.2021 «Нұрай» бөбекжайында» «Бұқара күніне» орай мектеп алды даярлық топтарында «Ұлыстың ұлы күні» атты тақырыптық сабақ өтті. Балаларды Наурыз мейрамының шығу тарихымен таныстырып, ұлттық тағамдар түрлерінен презентация көрсетілді. Балалар өз өнерлерін ортаға салды, ән айтып, би биледі. Ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп, балалармен ұлттық спорттық ойын түрлерін ойнады. Балалар Наурыз мейрамы жайлы мағлұмат алып, білімдерін толықтырды. #Нұрай #Наурызшуағы
{gallery}/amir/{/gallery}«Ұлыстың ұлы күні»

















