"Әжемнің ертегілері" облыстық жобасын іске асыру шеңберінде жылдық жоспарға сәйкес педагогтердің шығармашылық қабілетін, инновациялық бағдарламалар мен технологияларды пайдалана білуін анықтау мақсатында 2021 жылдың сәуір айында "Нұрай" бөбекжайында" ашық ұоқ өткізілді.
"Балапан" кішкентайлар тобында Сенсорикадан "Әжеге қонаққа барамыз" ұоқ, "Малышок" орта тобында Жапсырудан "3 D техникасындағы алғашқы көктемгі гүл-бәйшешек" ұоқ, "Ақбота" орта тобында "Баранки – калачи" тұзды қамырынан мүсіндеу өткізілді, мектепалды даярлық "Гүлдер" тобында "Математика негіздері" бойынша "Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру тереңдету", "Сауат ашудан" "Сауат ашу әлеміне саяхат", "Аққу" орта тобында "Сөйлеуді дамытудан" "Көктем келді", "Күншуақ" ересек тобында «Мақта қыз бен мысық» ертегі желісімен ұоқ өткізілді.
Осы сабақтарда балаларға ертегі кейіпкерлері келіп, олармен бірге түрлі тапсырмаларды орындап, қойылған сұрақтарға жауап беріп, жапсыру бойынша түрлі техниканы пайдалана отырып, әртүрлі композициялар жасады.ҰОҚ-де дәстүрлі емес материалдар мен әртүрлі ойын әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану, тәрбиешіге ұоқ барысында балалардың қызығушылығы мен назарын сақтауға көмектесті.
{gallery}000i/10{/gallery}

















