«Ұлы дала мұрагерлері»

«Ұлы дала мұрагерлері» атты форумы қарсаңында «Нұрай» бөбекжайында» «Тарих тағылымы» атты іс-шара болып өтті. Бұл форумда «Нұрай» бөбекжайының» педагог ұжымы мен мектеп алды даярлық топтары өз өнерлерін көрсетті.
Қазақ халқының тарих түпкірінен сыр шерте отырып, Отанға деген патриоттық сезімі мен бабаларымыздың қасиеті мен батырлығын кейінгі ұрпаққа дәріптедік. Өмірдің өткен талай өткелінен,
Қазағым ғұмыр кешкен шекпенімен.
Сол жылдар орын алды қасіретті
Қан тамған тарихтың беттерінен.
Күн күліп, қасиетті төрімізде,
Бақ пенен құт дарысын жерімізге.
Тәуелсіз Қазақстан жерім менің
Көк байрақ, желбіресін көгімізде!
(Авт:тәрбиеші Тулеген Жанерке)
#НҰРАЙ
#Ұлыдаламұрагерлері