Жыл сайын 1 маусымда бүкіл планета Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл мереке біздің әлемдегі ең жарқын, қуанышты және бақытты мерекелердің бірі, өйткені балалар – бұл бізді күн сайын күлкісі мен және оптимизмі мен қуантатын өмір гүлдері. "Нұрай" балабақшасында да мереке тамаша әрі қызықті өтті. Таңертеңнен бастап балаларды клоундар қарсы алды, ересектер мен балаларда мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, музыка ойнады. Барлық ойын алаңдары шарлар және жалаушалар мен безендірілді.Барлық жас топтарында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен "Бақытты балалық шақ"," Табиғатқа саяхат "атты іс-шаралар өткізілді. "Біз көңілді балалармыз", "Көңілді старттар", "Жазға саяхат"спорттық жарыстары жоғары деңгейде өтіп, балаларда спортқа деген қызығушылықтарын оятты .Ересек және мектепалды топтарда қызықты викторина өтті, онда балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды. Мереке сәтті өтіп, балаларға көптеген әсер қалдырды!!!
{gallery}/-----------------/10{/gallery}

















