АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА
ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес (18.05.2020 жылғы өзгерістермен ҚР БҒМ №207 бұйрығы):
- мектеп жасына жеткен балаларды мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
- балаларды бір жас тобынан екінші жас тобына ауыстыру ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне балалардың толық жасқа жетуін ескере отырып, ағымдағы жылдың 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жаңа оқу жылына сәбилер және мектепке дейінгі топтарды құру үшін «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК балаларды қабылдауды 01 тамыздан бастап «indigo24.kz» автоматтандырылған платформасында жүзеге асыратын болады.
Бос орындардың бар болуы және жоспарлы түрде жариялануы туралы ақпарат «Нұрай» бөбекжайы» сайтында, Facebook әлеуметтік желісінде және «indigo24.kz» автоматтандырылған платформасында да жарияланатын болады.
Әрбір ата-анада ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) болуы қажет. ЭЦҚ ата-ана мен балабақша арасында электронды келісім-шарт жасау үшін керек.
«Нұрай» бөбекжайы» КМҚК әкімшілігі

















