Бүгін "Математика әлемі" атты математикалық сауаттылық апталығы басталды.
Ашылу салтанаты "Ұлы математика" тақырыбында барлық топтардың қатысуымен өтті.
Барлық топтардың тәрбиеленушілерімен "Санамақ", "Геометриялық пішіндерді меңгеру", "Математика патшалығы" тақырыптарында әр-түрлі іс-шаралар өткізілді.
Орта топтардың тәрбиеленушілерімен "Неге ұқсайды ...?" атты дамытушылық ойындар және "0-10 ға дейін санап үйренеміз" бейнеролигін тамашалады.
Сонымен қатар ересек топтардың тәрбиеленушілерімен "Қызықты математика", "Қалалық ферма" тақырыптарында сабақтар өткізілді.
Ересек топтардың тәрбиеленушілерімен "Математикалық диктант", "Жұмбақтар мен ребустар әлеміне саяхат" атты логикалық тарсырмалар, дидактикалық ойындар ұйымдастырылды.
Математика әлемі тәрбиеленушілеріміздің логикалық ой-өрісін дамытып, сонымен қатар олардың танымдық қабілеттерін ашады.
{gallery}-/-1{/gallery}

















