Бүгін «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК- да математикалық сауаттылық апталығының жабылуына арналған бірнеше іс-шаралар өтті

Бүгін «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК- да математикалық сауаттылық апталығының жабылуына арналған бірнеше іс-шаралар өтті. Ересек топтың балаларына арналған «Смешарики мектебіндегі сабақтар» атты интерактивті ойындар өткізілді. Кіші топтың тәрбиеленушілерімен «Қалай математик болуға болады» тақырыбында саяхат - шытырман оқиғаға толы сабақтар ұйымдастырылды. Барлық топтардың тәрбиеленушілерімен сызба элементтері бар математикалық қызықты ойындар, математикалық мазмұны бар бейнемультфильмдер ұсынылды. «Математика әлеміне саяхат» атты математикалық квест ұйымдастырылып, апталықтың жабылу салтанатында тәрбиеленушілеріміз марапатталды.

{gallery}-/-5{/gallery}