Бүгін бөбекжайымызда "Бұл әлем қандай тамаша" атты эстетикалық сауаттылық апталығы басталды. Апталықтың бірінші күні "Көркем шеберханасы" тақырыбында өтті. Ашылу салтанаты ертегілер кейіпкері Періште балаларды сұлулық әлеміне саяхатымен бастады.
Ересек топтың балалары "Құрақ көрпе", "Әйнектегі өрнек","Кесені өрнектеу" және "Қар жауып тұр" тақырыбында суреттер салды.
Орта топтың тәрбиеленушілері "Қазақстандық суретшілердің шығармашылығымен танысу" презентациясын тамашалады.
Сонымен қатар әр топ "Өз қолымен жасалған ойыншық" атты сайыс ұйымдастырды және кіші топтың тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кеңес жүргізілді.
Әр топтың тәрбиеленушілері белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
{gallery}-/-7{/gallery}

















