Ағымдағы жылдың 16 ақпанында "Нұрай" бөбекжайы" КМҚК-да "Педагогикалық ассамблея" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу саласында педагогтердің құзыреттілігін арттыру болып табылады. Күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қарастырылды.Бөбекжайдың педагог-психологтары қатысушыларға тренинг ұйымдастырды."Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу арқылы балаларды патриоттық тәрбиелеу" тақырыбында тәрбиешілер баяндама оқыды. Сонымен қатар тілді дамыту ойындарымен таныстырды. Педагогтар бір-бірімен пікір алмасып, патриоттық тәрбие өз жалғасын табатының алға тартты.
{gallery}000i/11{/gallery}

















