8- наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер әсем әуенмен, мың бұралған бишілеріміздің әсем биімен, қызықты әрі көңілді ойындармен есте қаларлықтай өтт

«Нұрай» бөбекжайы КМҚК-да орта топтардың тәрбиеленушілері үшін көктемнің алғашқы күндеріндегі 8- наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер әсем әуенмен, мың бұралған бишілеріміздің әсем биімен, қызықты әрі көңілді ойындармен есте қаларлықтай өтті.

«Балбөбек» орта тобының ертеңгілік кешіне Қызыл телпек кейіпкері келіп, балалармен «Әжеме» әнің орындап, би биледі. «Ойыншықты құрастыр», «Жұмысқа» атты сайыстар өткізді.

 «Аққу», «Бәйтерек» орта топтарының ертеңгілік кешіне қонаққа Көктем келді. «Ақ мамам» әнің балалармен бірге орындап, «Гүлдер» биін биледі, тақпақтарын айтып және «Гүл бүршігін жарады», «Күн шуағын шашайық» атты ойындар ойнатылды.

«Таңшолпан» орта тобына қонаққа Қуыршақ және Теңтек қыз кейіпкерлері келді. Балалар «Орамалмен ойын», «Қыздың орамалын байлау» атты ойындар ойнатылды. «Гүлдер» биін билеп, ән шырқап, тақпақ айтып ертеңгілікті қызық- шаттыққа толы етіп өткізді.

Аққу

{gallery}-3/1{/gallery}

Байтерек

{gallery}-3/2{/gallery}

Балбобек

{gallery}-33{/gallery}

Таңшолпан

{gallery}-3/4{/gallery}