«Нұрай» бөбекжайы КМҚК-да ересек және мектеп алды даярлық топтары үшн де 8- наурыз

«Нұрай» бөбекжайы КМҚК-да ересек және мектеп алды даярлық топтары үшн де 8- наурыз мерекесі балалардың киген әдемі костюмдерімен, қызықты қойылымдарымен, әсем әуен мен бишілеріміздің ерекше билерімен есте қаларлықтай шаттыққа толы көңілді өтті.

«Буратино» ересек тобының ертеңгілік кеші «Аяулы Анашым!» тақырыбында өтті. Балалар аналары, әжелеріне арнап ән шырқады, би биледі және қонаққа пошта қызметкері Печкин кейіпкері келіп балалармен қызықты ойындар ойнады.

«Қарлығаш», «Гүлдер» топтары үшін ертеңгілік кеш «Ол ең қымбатты, ең сымбатты өзімнің – жан анам» тақырыбында өтті. Бұл топтарға қонаққа мультфильмдегі персонаж қыз Ая келіп балаларды біраз қуантты. Қуанышында шек жоқ балалар ән айтып, би билеп, ойындарға белсене қатысып, өз өнерлерін барынша көрсетті.

«Жұлдыз» тобы ертеңгілікті «Мамамның әлемі» тақырыбында бастады. Қонаққа Сайқымазақ мен Джинн келіп балаларды әбден бақыт пен шаттыққа бөледі. Балалар жарыса тақпақтарын айтып, биді де билеп, әнді де шырқап, ойынның да түбін түсіріп, керемет көңіл-күймен персонаждарды шығарып салды.

Ал мектепалды даярлық топтарының ертеңгілік кешіне қонаққа Көктем кейіпкері келеді. Балалармен әр-түрлі ойындар ойнап, олардың билерін, әндерін тамашалап, тақпақтарын тындап, кешті қызықты әрі қуанышты көңіл-күймен аяқтайды.

Сонында барлық топтардың ұл балалары қыздарға сыйлық тарту етіп және аналарына арнап өз қолдарымен жасаған құттықтау қағаздарын сыйлайды!

{gallery}gallery/1{/gallery}

{gallery}gallery/2{/gallery}

{gallery}gallery/3{/gallery}

{gallery}gallery/4{/gallery}

{gallery}gallery/5{/gallery}

{gallery}gallery/6{/gallery}