19 сәуір 2022 жылы «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК- да «Қабанбай батырмен дене шынықтыру–сауықтыру» апталығының екінші күні барлық топтардың белсене қатысуымен өтті

«Айгөлек» пен «Қуыршақ» топтарының ата-аналарына «Балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында тәрбиешілер кеңес беріп, әңгіме құрды.

«Буратино», «Қарлығаш» топтарының тәрбиеленушілеріне «Дұрыс тамақтану» тақырыбында әңгімелесу, пікір алмасу сабағы өтті.

Сурет маманы Хамзина А.Ж. ұйымдастыруымен топтар арасында «Табиғаттан алынған жемістер мен көкөністер» тақырыбында сурет салу сайысын өткізді.

«Таңшолпан» және «Бәйтерек» топтарының тәрбиеленушілерімен Адам өміріндегі тамақтанудың маңыздылығы туралы баяндайтын «Дәруменмен» кездесу ұйымдастырылды.

«Жұлдыз», «Гүлдер» топтарының тәрбиеленушілері «Дәрумен бәріне қажет» атты кітаптарына бетбелгі жасады.

«Балбөбек», «Балдырған» топтарының тәрбиеленушілерімен «Спортшы бауырсақ» сабағы өткізілді.

{gallery}-5/1{/gallery}