2022 жылдың 22 сәуірінде «Нұрай» бөбекжайы» КМҚК- да «Қабанбай батырмен дене шынықтыру–сауықтыру» апталығының жабылуына арналған бірнеше іс-шаралар өткізілді

"Малышок","Балапан" топтарының тәрбиеленушілерімен "Біз дене шынықтырумен доспыз", денсаулық, тазалық туралы әңгімелесу ұйымдастырылды.

Дене шынықтыру мамандарының ұйымдастыруымен барлық топтардың қатысуымен "Біз болашақ олимпиадашылармыз" атты шарада Қабанбай батырға Олимпиада алауы табысталды.

"Ақбота","Бәйтерек" топтарының тәрбиеленушілерімен "Үйдегі хайуанаттар бағы" атты музыкалық ойын-сауық өткізілді.

"Балбөбек","Таншолпан" топтарының тәрбиеленушілері көркем әдебиеттер оқыды.

Сурет маманы Хамзина А.Ж. ұйымдастыруымен "Денсаулық елі" тақырыбында барлық топтардың қатысуымен шығармашылық сабақтар жүргізілді.

"Жұлдыз", "Гүлдер" топтарының тәрбиеленушілері ата-аналарға арналған "Денсаулық туралы- шын жүректен" атты папкалар безендірілді және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша кеңестер берілді.

{gallery}-5/4{/gallery}