Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі "Нұрай" бөбекжайы КМҚК тілдер күніне орай

Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі "Нұрай" бөбекжайы КМҚК тілдер күніне орай және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған 05-16 қыркүйек аралығында өтетін тақырыптық жоспарға сәйкес "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" мәнерлеп оқудан челлендж ұйымдастырылды. Халық арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»деген даналы сөз бар. Тіл – мемлекеттің тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Ол уақыттан жоғары тұрады және бізді де, жеке адамды да, жалпы қоғамды да қозғалысқа келтіретін күшке ие. Бүгінгі балалар ертең ел тізгінін ұстайтын еліміздің болашағы.