Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Осы бір мақтанышымыз болған тілімізге арналған "Нұрай" бөбекжайында (05.09.2022-16.09.2022ж) тілдер апталығы өтті. Осыған байланысты өткізілген іс-шараларымыздың негізгі мақсаты: тәрбиеленушілерді қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу. Гүлдер, Жұлдыз, Буратино топтары қатысуымен, 16.09-күні мерекелік жабылу іс-шарасы өте жақсы, жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шарада патриоттық әндер шырқалып, билер биленді, тәрбиеленушілер арасында ұлттық ойындар түрлері ойнатылды. Балаларымыз бірі-біріне деген құрмет, ынтымақтастық орнатып, жақсы көңіл-күймен апталықты аяқтадық.
{gallery}/-4/5{/gallery}Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы

















