Праздники и развлечения

"Нұрай"бөбекжайы" КМКҚ- да 2022 жылдың Республика күніне арналған мерекелік іс-шараның ашылу салтанаты "Қарлығаш", "Арыстан", "Күншуақ" топтарымен өтті. Балалардың бойына ұлтжандылық сезімін ұялату, өз Отанының патриоты етіп қалыптастыру мақсаты болған жиын қатысушылар көңілінен шықты. Шара мемлекеттік Әнұран айтумен басталды. Тәрбиеленушілер ұлттық ойындар "арқан тарту", "қыз қуу" ойнады. "Қара жорға" ұлттық биін билеп, "Қазақстаным" әніне көк туды желбіретіп, флешмоб жасады.

{gallery}/-5/8/3{/gallery}

"Нұрай"бөбекжайы" КМКҚ-да 2022жылдың 21 қазан  күні Республика күніне арналған мерекелік "Менің Қазақстаным-менің болашағым" атты ертеңгілікті мектепалды даярлық "Гүлдер", "Жұлдыз", "Буратина" топтарымен өтті.Балалардың бойына ұлтжандылық сезімін ұялату, өз республикасын танып - білуге ,жақсы көруге ,Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық  сезімге тәрбиелеп қалыптастыру мақсаты болған жиын қатысушылар көңілінен шықты. Ертеңгілік мемлекеттік Әнұран айтумен басталды.Тәрбиеленушілер мерекеге арналған тақпақтар айтты.Мерекеге қонақ болып Күн кейіпкері мен Қабанбай батыр келді. "Гүлдер" тобының тәрбиеленушілері "Көк тудың желбірегені" биі мен ұлттық "Шашу" биін биледі. "Жұлдыз" бен "Буратина" топтары "Мой Казахстан" мен "Казахстан это степей просторы" әнін орындады. "Гүлдер" тобы "Қазақстан ел ұраны" әнін орындады. Тәрбиеленушілер ұлттық ойындар "орамал лақтыру" мен "тақия тастау" ойынын ойнады.Тәрбиеленушілер Отанға деген құрмет пен ынтымақтастық орнатып ,жақсы көңіл -күймен апталық ертеңгілігін аяқтадық.

{gallery}0000000000000000000000000000/-4{/gallery}


{gallery}0000000000000000000000000000/-2{/gallery}

 

 

 

 

 
 
 
 
Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы-әрбір  елдің ұлттық мақтанышы. Осы  бір мақтанышымыз болған тілімізге арналған  "Нұрай" бөбекжайында (05.09.2022-16.09.2022ж) тілдер апталығы өтті.  Осыған байланысты өткізілген іс-шараларымыздың негізгі мақсаты: тәрбиеленушілерді қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу.
Гүлдер, Жұлдыз, Буратино топтары қатысуымен, 16.09-күні  мерекелік жабылу іс-шарасы өте жақсы, жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шарада  патриоттық әндер шырқалып, билер биленді, тәрбиеленушілер арасында ұлттық ойындар түрлері ойнатылды. Балаларымыз бірі-біріне деген құрмет, ынтымақтастық орнатып, жақсы көңіл-күймен апталықты аяқтадық.
 

{gallery}000i/1111{/gallery}

 

Дәстүр бойынша 1 қыркүйекте оқушылар мектепке барады. Біздің «Нұрай» бөбекжай да 1 қыркүйек білім күні мерекелік шара өткізу дәстүрге айналған. Балабақшаның барлық тәрбиеленушілерін тәтті кәмпит Ириска қарсы алып, көптеген тамаша және қызықты ойындар мен ойын-сауықтар өткізді. Ойын-сауық балаларға қуаныш сыйлап, көңілді мерекелік көңіл-күй тудырды, дербестік пен шығармашылықты дамытты. Мереке соңында жүргізуші балаларға жаңа оқу жылының олар үшін қызықты жыл, жаңа білім, жаңалықтар, жаңа достар әкелуін тіледі. Оқу жылының басталуы керемет болды! Барлықтарынызды білім күнімен құттыктаймыз!!

 

День знаний. По традиции 1 сентября ученики идут в школу . В нашем Ясли-саде «Нурай», тоже стало традицией проводить праздничное мероприятие 1 сентября Всех воспитанников детского сада встречала Ириска- сладкая конфетка, которая провела множество замечательных и интересных игр и развлечений. Развлечения доставили радость детям и создали весёлое праздничное настроение , развили самостоятельность и творческие способности. В конце праздника ведущий пожелал ребятишкам , чтобы новый учебный год был для них увлекательным , интересным, принес им новые знания ,открытия , а также новых друзей. Начало учебного года прошло отлично!

 

{gallery}000i/-3{/gallery}